• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
21 Қаңтар, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №1159 

287 рет
көрсетілді

2015 жылғы 31 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі «Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы). өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері көлік құралдарына салық төлеуші болып  табылмайтын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі  № 316 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері көлік құралдарына салық төлеуші болып табылмайтын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 316 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 27-28, 163-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ өзінің өндіру процесінде ауыл шаруашылығы өнімін пайдалану бойынша шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері көлік құралдарына салық төлеуші болып табылмайтын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникаларының тізбесін бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ өзінің өндіру процесінде ауыл шаруашылығы өнімін пайдалану бойынша шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері көлік құралдарына салық төлеуші болып табылмайтын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникаларының тізбесі бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері көлік құралдарына салық төлеуші болып табылмайтын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникаларының тізбесінде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ өзінің өндіру процесінде ауыл шаруашылығы өнімін пайдалану бойынша шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері көлік құралдарына салық төлеуші болып табылмайтын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникаларының тізбесі»; 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.